Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына көмектеспек
Жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына көмектеспек

26.04.2024
1 мин
8
226
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан трансауған теміржол құрылысына қатысуға дайын. Бұл туралы вице-премьер министр Серік Жұманғарин бастаған делегацияның Ауғанстанға сапары кезінде белгілі болды, деп хабарлайды dauletten.kz, Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ел премьер-министрлерінің орынбасарлары 24 сәуірде өткен кездесуінде тараптар Орталық және Оңтүстік Азияны интеграциялау жобаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытты.

Атап айтқанда, қазақстандық тараптың трансауғандық дәлізді дамыту жобаларын: Термез – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар және Герат – Кандагар – Спин-Булдак темір жолдарын салу жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысуға дайындығы белгіленді.

Жоба Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында жүктерді жеткізу уақытын 10 есеге қысқартуға, сондай-ақ жүктерді тасымалдау құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан темір жолдың жоғарғы құрылысына арналған материалдарды, өз өндірісінің шпалдары мен бекіткіштерін жеткізу арқылы трансауған магистралінің құрылысына қатысуға дайын.

Соңғы үш жылда Қазақстаннан Ауғанстанға экспорттық тасымалдау көлемі тұрақты түрде өсіп келеді: 2023 жылы темір жол арқылы тасымалдау көлемі 2,7 млн тоннаны құрады, оның 1,5 млн тоннасы – ұн және астық. Бұл 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 14%-ға көп. Алдағы жылдарға арналған болжам – экспорттың 40%-ға ұлғаюы. Бұл ретте 2030 жылға қарай тасымалдардың 3 есе өсуі күтілуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
8 Пікір
Т
Турист Үкімет 26.04.2024
Шешесінің амына көмектесема? Мына жақ қырылып жатқанда
Жауап беру
Т
Турист Үкімет 26.04.2024
Шешесінің амына көмектесема? Мына жақ қырылып жатқанда
Жауап беру
Т
Турист Үкімет 26.04.2024
Шешесінің амына көмектесема? Мына жақ қырылып жатқанда
Жауап беру
Т
Турист Үкімет 26.04.2024
Шешесінің амына көмектесема? Мына жақ қырылып жатқанда
Жауап беру
Т
Турист Үкімет 26.04.2024
Шешесінің амына көмектесема? Мына жақ қырылып жатқанда
Жауап беру
Г
Гүлмира 26.04.2024
Қазақстан өзін өзі жарылқап алсыншы Ауғаныстанға көмектеспей ақ өз темір жолын жетістіріп алсын
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 26.04.2024
Ойбуу, кеше ғана Қарағандыда поезд рельстен шығып кетіп еді. Алдымен өзімізді жарылқап алайықшы. Өзімізде ескі поездар жетеді ғой
Жауап беру
Г
Гуль 26.04.2024
Қазақстан бірінші өздерінің шіріген темір жолын жөндесінда!Осылай жұртқа өтірік мақтануын қашан қояды екен.Бізде бар жағынан жағдайымыз нашар
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл