Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары жолда қалған 140-тан астам адамды құтқарған
Жаңалықтар

Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары жолда қалған 140-тан астам адамды құтқарған

13.12.2023
1 мин
0
218
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары 140-тан астам адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды. Жалпы авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына 78 шығу жасалды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Осыған дейін ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты боран, желдің күшеюі, нашар көріну, жауын-шашын, көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы қозғалысқа шектеу енгізілгенін хабарлаған болатынбыз. 

Мәселен, Абай облысы Жарма ауданының Қалбатау ауылында облыстың автожолдарындағы қозғалыстың шектелуіне байланысты «Семей-Талдықорған» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар автобусынан ТЖД күштері 22 адамды, оның ішінде 1 баланы көрші Жаңаөзен ауылының жылыту пунктіне орналастырған. Айта кетейік, оларға медициналық көмек қажет емес.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Қалыбай кентінен 27 км жерде «Самара-Шымкент» автожолының 1104 км ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен «Мәскеу-Душанбе» бағытында кетіп бара жатып, бұзылған жолаушылар автобусынан 62 адам, оның ішінде 8 бала Ырғыз кентіндегі жылыту пунктіне эвакуацияланды. Барлығы Тәжікстанның азаматтары. 

Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында ТЖД күшімен бұзылған екі жолаушылар автобусынан 53 адам, оның ішінде 3 бала жол бойындағы дәмханаға эвакуацияланды. Анықталғандай, барлығы Өзбекстанның азаматтары.

5.jpeg

Сонымен қатар, тәулік ішінде Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында 3 шопан іздестірілді. Олардың екеуі медициналық көмекке мұқтаж емес, ал біреуі ауруханаға жеткізілді.

"Қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін, ең алдымен, ауа-райының өзгеруін, метеорологиялық ақпаратты, ауа-райының нашарлауы туралы арнайы хабарламаларды, жолдардың жабылуын, дауылды ескертулерді үнемі қадағалап отыру қажет", - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.

Алайда, ескертуге қарамастан, ауа-райы жағдайлары мен құтқарушылардың ұсыныстарын елемейтін азаматтар жоқ емес.

4.jpeg

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Сонымен қатар, ауа райы нашарлаған кезде ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл