Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өткен жылы шамамен 2.8 млн қазақстандық скринингтік тексеруден өткен
Жаңалықтар

Өткен жылы шамамен 2.8 млн қазақстандық скринингтік тексеруден өткен

11.01.2024
1 мин
0
520
Фото: pixabay.com

Өткен жылы қанша қазақстандықтың емханалар мен ауруханаларға жүгінгені, қандай медициналық көмек алғаны, қанша зерттеп-қараудан  және консультациядан өткені туралы ресми ақпарат шықты, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Биыл Қазақстанның бастауыш медициналық ұйымдарында 90 млн-нан астам қаралушы тіркелген, бұл өткен жылғы жүгіну санынан 10%-ға жоғары.

Биылғы жылы скринингтік тексерулермен 2,8 млн. ересек адам, оның ішінде 1,1 млн.ауыл тұрғыны қамтылды. Бұл ретте патологиялар 388 мың адамда анықталды, зерттеліп-қаралған 220 мың азамат диспансерлік есепке алынды. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету үрдісі күшейіп, олардың саны 6,7 есеге артып, 688 мың қызметке жетті.

Амбулаториялық деңгейде пациенттер 324 млн консультациялық-диагностикалық қызмет немесе 1 тұрғынға шаққанда 16-дан астам қызмет алды. Бұл ретте 1 миллионнан астам адам қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ) қамтылған.

Соңғы 3 жылдың ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың көлемі 2 еседен астам ұлғайды, ол бүгінде 237 млрд.теңгеге жетті. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша нозологиялар санын 48-ден 126-ға дейін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ТМККК және МӘМС пакеттеріндегі тегін дәрілік препараттардың тізбесі-272-ден 347-ге дейін кеңейтілді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қол жеткізу мақсатында еліміздің әрбір тұрғыны үшін 78 МСАК объектісі салынып, 80 бастапқы буын объектісі жөнделген.

Бүгінгі таңда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 110 мыңнан астам маман, оның ішінде 34 195 дәрігер және 75 852 орта буын қызметкері жұмыс істейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл