| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді. К тобы аясында Мехикодағы «Ацтека» стадионында өткен матчта өзбек футболшылары Колумбияға 1:3 есебімен жол берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Кездесудің алғашқы бөлігінде колумбиялықтар басымдық танытып, 40-минутта Даниэль Муньос есеп ашты. Екінші таймның басында Аббосбек Файзуллаев мергендік танытып, Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голдың авторы атанды.
Матчты 80 мыңнан астам көрермен тамашалады. Әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырған Өзбекстан үшін бұл ойын бірнеше тарихи сәтпен есте қалды. Атап айтқанда, құрама жаһандық додадағы алғашқы кездесуін өткізіп қана қоймай, алғашқы голын да соқты.
Айта кетейік, ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы дебюттік ойынына байланысты Өзбекстанда жұмыс күні екі сағатқа кеш басталған болатын.