Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Пара пауэрлифтингтен әлем кубогында Қазақстан қоржынына 32 медаль түсті
Жаңалықтар

Пара пауэрлифтингтен әлем кубогында Қазақстан қоржынына 32 медаль түсті

10.05.2023
2 мин
0
513

Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен әлем Кубогы мәреге жетті. Жарысқа 20 мемлекеттен 94 спортшы қатысты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан құрамсы жарыста  32 медаль еншіледі: 11 «алтын», 12 «күміс» және 9 «қола».

Атап айтқанда:

1. Айдарқызы Әйгерім – 41 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1 орын және үш тәсілдің қосынды сомасының нәтижелері бойынша жасөспірімдер арасында 1 орынды еншіледі. Ол ересектер арасында 2 орын және үш тәсілдің қосындысы 2 орын иеленді.

 2. Солодухина Алина – 45 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-ші орын және әйелдер командалық жарысында 3-ші орын иеленді.

3. Толжан Фариза – 55 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын, үш тәсілдің сомасы бойынша 2-орын алды.

4. Берімқұлова Айжан – 50 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орынды және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын, аралас командалық жарыста 3-орын иеленді.

5. Құрманбаева Гүлім – 45 келіге дейінгі салмақта командалық жарыс бойынша 3 - орын алды.

6. Қойшыбаева Раушан – 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын, ардагерлер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын иеленді. Ал әйелдер командалық жарысында 3 -орын алды.

7.Маханбетова Мөлдір – 79 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын және үш тәсілдің сомасының нәтижелері бойынша 3-орын иеленді.

8. Кәрібай Ерболат – 49 келіге дейінгі салмақта үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға ие болды.

9. Баққожа Жақсылық – 80 келіге дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға ие болды.

10. Хамаев Рахметжан – 88 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын иеленді.

11. Баутов Әділжан – 97 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын алды.

12. Бойко Снежанна – 45 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1- орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері 1- орын жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 2- орынға ие болды.

13. Әшір Зарина – 50 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 2-ші орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 1-орын жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 2- орынға ие болды.

фото: МСМ баспасөз қызметі

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл