Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Парадқа кіре алмады”: Астана әкімдігі тыл еңбеккерінің жағдайына қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар

“Парадқа кіре алмады”: Астана әкімдігі тыл еңбеккерінің жағдайына қатысты түсініктеме берді

08.05.2025
1 мин
0
71
Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде Астанада өткен әскери парадты тамашалауға келген тыл еңбеккері көрермендерге арналған қоршалған аймаққа өте алмағаны туралы видео тараған болатын. Бүгін, 8 мамырда, Астана әкімдігінің өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб пен Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері, профессор Теңдік Изақов және оның отбасымен кездесіп, ұзақ жылдар бойғы еңбегі үшін алғыс айтып, 7 мамырда шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрады, – деді әкімдік өкілдері.

Әкімдіктің мәліметінше, іс-шараға кіру арнайы дайындалған тізім арқылы жүзеге асырылған.

- Орын санының шектеулі болғанын және ардагерлердің жасы үлкен екенін ескере отырып, тізім тек ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстары берген өтініштер негізінде жасалды. Айта кетейік, парадқа еліміздің әр аймағынан ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Алайда Теңдік Изақовтың отбасынан ешқандай өтініш түспеген, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері Теңдік Изақов 9 мамырда өтетін гүл шоқтарын қою рәсіміне арнайы шақырылғанын мәлімдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл