Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлады
Жаңалықтар

Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлады

01.08.2025
1 мин
0
389
Сурет: Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Павлодар облысында ойын барысында бала жарақат алды — оның үстіне темірден жасалған футбол қақпасы құлаған. Бұл жағдай Жертұмсық ауылында орын алды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Павлодар ауданына қарасты Жертұмсық ауылында тіркелген. Ойын кезінде бекітілмеген темір қақпа аударылып, баланың үстіне құлаған.

Тексеру барысында футбол алаңы мен қақпаны ауыл тұрғындары өз күштерімен жасағаны анықталды. Бұл құрылымдар ресми түрде ешбір мекеменің балансында болмаған.

- Ойын алаңын жергілікті тұрғындар өздері жасап алған. Алаң мен қақпа ешқандай ұйымның қарауында тіркелмегені анықталды, – деді полиция департаменті өкілдері.

Оқиға себептерін жою мақсатында полицейлер аудан әкімдігіне балалар қауіпсіздігіне сай келетін футбол алаңын ұйымдастыру және қажетті шараларды қолға алу туралы ұйғарым жолдады.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін оның заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл