| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар облысы Баянауыл ауданында мал қарауға кеткен ер адам өлі күйінде табылды. Оны құтқарушылар іздестіру жұмыстары кезінде анықтаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
11 наурыз күні таңертең Баянауыл ауданы Майкөбе ауылынан шамамен 10 шақырым жерде ер адамның мәйіті табылды. Іздеу жұмыстарын Баянауыл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жүргізген.
Ведомство мәліметінше, марқұм 1980 жылы туған. Оның денесі фермадан шамамен 2 шақырым қашықтықта анықталған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 10 наурыз күні сағат 14:00 шамасында мал қарауға шығып кеткен. Кейіннен байланысқа шықпағандықтан, оны іздеу жұмыстары басталған.
Белгілі болғандай, қайтыс болған азамат шаруа қожалығында қызметкер болып жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.