Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодар облысында заманауи сүт фермасы салынады
Жаңалықтар

Павлодар облысында заманауи сүт фермасы салынады

10.08.2020
1 мин
0
1132

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында «Сүт шаруашылығын дамыту» бағдарламасымен заманауи стандарттарға сай жаңа ферма салынады. Фермаға жұмсалатын ақша 7 миллиард теңгені құрады. Өңірдегі алғашқы сүт фермасы 2600 асыл тұқымды мал ұстауға мүмкіндік береді.

«Ферма 8 мың тонна сүт өндіруге  қауқарлы. Елдегі нарық үшін дайын шикізат қоры болмақ.  Қосалқы жобаларға тоқтала кетсем,  бұл ферма  аймақта асыл тұқымды мал басын көбейтуге үлесін  қосады»,- деді бас директордың инвестициялар жөніндегі орынбасары Арман Жүкин.


Аталмыш ферманың құрылыс жұмыстары аяқталғанда асыл тұқымды сиырларды шетелден әкелу жоспарланып отыр. Жоба ерекшелігі - заманауи үлгідегі құрылыс және озық технологиялар. Мекеме жем-шөпті дайындауды қазірден бастап қолға алған. Алдағы көктемде егіс алқаптарына шырынды өсімдіктер өсіруге қамданып жатыр. Жоспар бойынша  тауарлы сүт фермасы келесі жылдың жаз айында іске қосылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл