Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы 30 шілде күні қала тұрғыны кіші інісімен бірге терезеден лақтырып жіберген баланың қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Пациент травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.
– Жамбас сүйектерінің сынуына байланысты қатаң төсектік режимде жатыр. Жағдайы – орташа ауыр, тұрақты. Баланың қасында туысы күтім жасауда, – деп хабарлады басқармада.
Сондай-ақ ведомство баланың анасының жағдайы да орташа ауыр деп бағаланып отырғанын мәлімдеді. 1 тамыз күні ол политравма бөліміне ауыстырылған.
30 шілде күні күндіз Павлодар қаласындағы Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел бесінші қабаттан екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен. Барлығы подъезд шатырынa құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде есепте тұрған.
Екі бала да ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түсті. Кішісі клиникалық өлім жағдайында болған. Кейін оның бір бүйрегін алып тастауға тура келгені хабарланды. Өкінішке қарай, бір жарым жастағы сәби 1 тамыз күні ауруханада көз жұмды.