Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен
Жаңалықтар

Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен

30.07.2025
1 мин
0
654
Сурет: ашық дереккөз

30 шілде күні Павлодар қаласында бесінші қабаттан екі бүлдіршін мен әйел адамның құлағаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға Нұрмағамбетов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде тіркелген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел адам алдымен 1,5 және 5 жастағы балаларын терезеден лақтырып, артынша өзі секіргені анықталды. Оқиға кезінде пәтерде тек анасы мен балалар болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар мен олардың анасының жағдайы өте ауыр, барлығы да жедел түрде ауруханаға жеткізілді:

    •    Балалар – облыстық балалар ауруханасына,

    •    Әйел – қалалық №1 ауруханаға жатқызылды.

Жедел жәрдем қызметі шақыртуды сағат 13:00-де қабылдап, алты минут ішінде оқиға орнына жеткен. Үш жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылған.

Балалар омбудсменінің хабарлауынша, бұл кезде үйде басқа ешкім болмаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізілуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл