Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырған тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырған тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты

31.07.2025
1 мин
0
281
Сурет: Dauletten.kz

Павлодар қаласында АҚШ-тағы жарнамалық платформа ретінде көрсетілген "TAKORP" қаржы пирамидасын ұйымдастырған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, "TAKORP" жобасы шетелдік инновациялық жарнама технологияларына негізделген жүйе ретінде ұсынылған. Алайда, жоба шын мәнінде қаржы пирамидасының классикалық белгілерін иеленген.

Қатысушыларға "OKX" криптовалюта биржасы арқылы тіркеліп, жүйеге кіру үшін криптовалюта сатып алу ұсынылған. Жүйенің басты шарты — кемінде бес жаңа салымшыны тарту, бұл шарт орындалған жағдайда қатысушыларға "бақ дөңгелегі" арқылы бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігі берілген.

Алаяқтықтың нәтижесінде, 80-нен астам азамат 30-дан 500 АҚШ долларына дейінгі сомада инвестиция салған. Кейбір қатысушылар 2 000 АҚШ долларына дейін бонус аламыз деп үміттенген. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілердің қылмыстық жолмен тапқан табысы 59 млн теңгеден асқан.

Қаржы пирамидасын насихаттау мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн-жиындар өткізіліп, қатысушылардың материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған жоба ретінде көрсетілген. Алайда, негізгі назар жаңа салымшыларды тартуға бағытталған.

Жиналған қаражатқа ұйымдастырушылар Павлодар қаласынан жылжымайтын мүлік сатып алып, төрт түрлі банк депозитін ашқан. Бұл активтерге соттың санкциясымен тыйым салынды.

Соттың үкімімен айыпталушылар 1 жыл 6 айдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыружазасына кесілді. Алайда, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Зардап шеккен азаматтардың келтірілген шығындары азаматтық іс жүргізу аясында қаралатын болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл