Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодарда шахтаға құлаған жұмысшылары бар автобус әлі іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар

Павлодарда шахтаға құлаған жұмысшылары бар автобус әлі іздестіріліп жатыр

04.01.2024
1 мин
0
199
Фото: phxere

Павлодар облысында шахтаға құлаған автобус әлі табылмады, - деп хабарлайды Dauletten.kz тілшісі.

Өңірдегі ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Павлодар облысының Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында тазарту кеңістігіне төрт жолаушысы бар автобус құлаған. Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, опырылған жер ұзындығы 150-200 метр, ені 500 метр, тереңдігі 150 метр.

«Оқиға кезінде автобуста КӘА ҚҚРОШ Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізушісі болған. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Орталық штабтың ресми сайты екі адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Құтқарушылар автобус пен қалған адамдарды іздеп жатыр.

Жедел штаб құрылып, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жергілікті атқарушы органдар жүр. Психологтар жұмыс істеп жатқаны айтылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Майқайыңзолото" АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ТЖ департаменті құтқарушыларының күштері мен құралдары жұмылдырылған. Барлығы 44 адам, 13 техника және бір ҰҰА (дрон) жұмылдырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
298
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл