Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодарда синтетикалық есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды
Жаңалықтар

Павлодарда синтетикалық есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды

18.12.2025
мин
0
146

Павлодарда есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу аясында облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Павлодарда тыйым салынған заттардың ірі партиясын байланыссыз тәсілмен таратуды жоспарлаған 32 жастағы ер адамды ұстады.

– Күдікті бірнеше ай бойы полицияның бақылауында болды. Ер адам тұрғын үй кіреберісінің маңында кезекті есірткі затын жасырын қойып жатқан сәтте ұсталды. Тінту барысында оның тұрғылықты жеріндегі пәтерінен синтетикалық есірткі заты бар салмағы 150 грамнан асатын түйіншектер, таразылар, орау материалдары, қолғаптар, сондай-ақ жасырын қойып кету үшін дайындалған 6 мың магнит тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол синтетикалық есірткі заттарын жасыру мақсатында маркетплейстер арқылы магниттерге тапсырыс берген.

Магниттердің көмегімен есірткіні металл заттарға бекітіп, жасырын орындардың фотосуреттерін түсіріп, координаттарын көлеңкелі интернет-дүкеннің кураторларына жолдаған. Ал есірткі тұтынушылар аталған дүкен арқылы түйіншектердің нақты орналасқан жері туралы ақпарат алып отырған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл