470.46
543.1
5.86
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодарда жаңа туған нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды
Жаңалықтар

Павлодарда жаңа туған нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды

03.04.2026
мин
0
232

Павлодарда полицейлер жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Түркістан облысында 23 жастағы әйел жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ сәбиін сатып алатын адамдарды іздеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оның бұл заңсыз әрекетін дер кезінде әшкерелеп, қылмыстық жоспарын толық құжаттап, күдіктіні ұстады.

Әйел босанғаннан кейін небәрі үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған сәтінде қолға түсті. Полицияның жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында сәбиге төнуі мүмкін ауыр және қайтымсыз қауіптің алдын алу мүмкін болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.

Полиция адам саудасының кез келген түрі, әсіресе балаларға қатысты қылмыс қатаң түрде тоқтатылатынын ерекше атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл