Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Пайызсыз үй мен көлік уәде еткен: “Amanat Drive” қаржы пирамидасы әшкереленді
Жаңалықтар

Пайызсыз үй мен көлік уәде еткен: “Amanat Drive” қаржы пирамидасы әшкереленді

03.06.2025
1 мин
5
821
Сурет: baku.ws

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Amanat Drive" атауымен қаржы пирамидасының қызметін әшкереледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушылары азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған.

Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген.

Нәтижесінде қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартқан, олардың жалпы салған қаражаты 21 млрд теңгеден асқан.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында, қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы бірнеше деңгейлі заңсыз схема жасаған. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғаларды — "Алло, не керек", "i-m@rketing", "Gold SapaPremium" ЖШС — пайдаланған.

Аталған компаниялар жалған жеткізушілер ретінде көрсетіліп, жарнама қызметтері, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығына талдау мен болжау жүргізу секілді қызметтерді орындаған болып көрінген. Осы жалған шарттар негізінде 1,8 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған.

Қылмыстық кірістер есебінен жеке тұрғын үйлер, астанада пәтерлер, сондай-ақ HUMMER H2 және Lexus LX570 маркалы қымбат автокөліктер сатып алынған. Бұл мүліктер мүмкін болатын тәркілеуден жасырыну мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды.

Қаржы пирамиданың бас ұйымдастырушысы қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
О
Олжас 05.06.2025
Жалған ақпарат
Жауап беру
Ж
Жанкелді 03.06.2025
Жалған ешқандай пирамида емес
Жауап беру
Г
Гульзада 03.06.2025
Өтірік. Қаншама адамдар үйлі болды. Ешқандай туыстық қатысым жоқ. Үйлі болдым. Ешқандай пирамида емес. Қарапайым халықтың үйлі болуына кедергі келтірмеңіздерші. ????
Жауап беру
А
Ардак 03.06.2025
Иа рас каншама адамды алдады, онын ишинде озимде бармын
Жауап беру
Г
Гүлмира 03.06.2025
Өтірік бәрі
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл