Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Педагог мамандығында оқып жүрген студенттердің тәжірибеден өту тәртібі қайта қаралады
Жаңалықтар

Педагог мамандығында оқып жүрген студенттердің тәжірибеден өту тәртібі қайта қаралады

15.08.2022
1 мин
1
905

Педагог мамандығы бойынша университетте оқып жүрген студенттердің мектептерде тәжірибеден өту тәртібі қайта қаралады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Тәжірибеден бірінші курстан бастап өткізуді ұйымдастырып отырмыз. Бірінші курстан бастап өткені жақсы, бірақ оны өткізу барысына қатысты сұрақтар бар. Мәселен, студент тәжірибеден өзінің туған ауылындағы шағын жинақты мектептен өтуге өтініш білдіреді. Өз кезегінде университет бұл өтінішке келісімін береді. Бұл мектепте тиісті деңгейде тәлім-тәрбие беретін адам бар ма? Өйткені жас маманды кәсіптік тәжірибен екінің бірі өткізе алмайды. Ол жерде қандай әдістер бар, онымен кім қалай жұмыс істейтініне ешкім мән беріп отырған жоқ. Сондықтан туған жеріндегі мектептен тәжірибеден өткен кезде оған тиісті тәлім беретін адам болмаса, одан қандай сапа талап ете аламыз», - деді А. Аймағамбетов Республикалық тамыз конференциясының панельдік сессиясында. 

Осы орайда министр бұл бағыттағы тәртіпке қазіргі кезде өзгерту енгізіліп жатқанын айтты. 

«Біз жұмыс беруші ретінде тиісті талаптарды қоямыз. Бұл тұрғыда тәжірибені басқаша өткізу керек. Тәжірибеден өте алатын мектептердің өлшемдерін қою ескерілген. Себебі мектепте мұғалімдер мен әдіскерлер бар болса, бұл оқу орнында тәжірибен өтіп, үйренуге болады. Сондықтан университеттерде оқып жатқан студенттердің тәжірибеден өтуге барудың өзі басқаша қаралады», - деді ведомство басшысы. 

А.Аймағамбетов жас мамандар мектепте толтырылатын құжаттарды, бағалау жүйесін, яғни оқу орнында реформалар жайында жан-жақты білуі керек екенін атап өтті. 

 

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1158 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
1 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл