Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Педагог мәртебесі қайта қаралады: аттестаттау талаптары өзгеруі мүмкін
Жаңалықтар

Педагог мәртебесі қайта қаралады: аттестаттау талаптары өзгеруі мүмкін

31.12.2025
мин
0
471

Мұғалімдерді аттестаттау үдерісіне қатысты талаптар алдағы уақытта өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау жүйесін жетілдіру жұмыстарын бастады. Осы бағытта еліміздің барлық өңіріне белсенді мұғалімдер қатысатын арнайы жұмыс тобы құрылды.

Министр Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдеуінше, жұмыс тобы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді зерделеп, аттестаттау үдерісін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлейді. Жүргізілген талдау нәтижелері келер жылдың ақпан айында көпшілік талқысына ұсынылады.

Министрлік мәліметінше, аттестаттау барысында мұғалімдерден авторлық бағдарлама талап етілуі негізгі мәселелердің бірі болып отыр. 2025 жылы ұсынылған 875 авторлық бағдарламаның 572-сі қайта өңдеуге жіберілген. Бұл талап педагогтерге қосымша жүктеме түсіріп, рәсімнің формалды сипат алуына әкелгені атап өтілді.

Сонымен қатар алдағы кезеңде «педагог-шебер» санатына қойылатын талаптарды қайта қарау жоспарланып отыр. Министрлік өкілдері аталған өзгерістер педагогтердің кәсіби дамуын әділ бағалауға және аттестаттау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғанын жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл