| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Білім беру мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесінде кәмелетке толмағандардың құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Петропавл қаласындағы №9 орта мектептегі информатика кабинеттерінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына қайшы, балаларды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға ынталандыратын (соның ішінде суицид және зорлық-зомбылық әрекеттері) тыйым салынған материалдар жарияланған қолжетімді сайттар анықталды.
Қадағалау органының қаулыларына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылығы ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, прокурордың ұсынысы бойынша қаладағы барлық білім беру мекемелерінде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелген.
Қадағалау органы балалардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда заңды өкілдері мен кәмелетке толмағандар 8-7152-36-03-83 облыс прокуратурасының сенім телефонына хабарласа алатынын еске салады.