| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Петропавлда Porsche Cayenne жүргізушісі 12 жастағы оқушыны қағып кетті. Қыз бала алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Петропавл қаласында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншінің өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Қайғылы жағдай 25 мамыр күні кешкі сағат 20:16 шамасында Подгора ауданындағы Потанин көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Porsche Cayenne автокөлігін басқарған 24 жастағы жүргізуші 12 жастағы қыз баланы қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан оқушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.