Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
8 млн теңге бюджет қаржысын иемденген шенеуніктерге үкім шықты
Жаңалықтар

8 млн теңге бюджет қаржысын иемденген шенеуніктерге үкім шықты

17.09.2025
1 мин
0
213
Сурет: ашық дереккөз

2025 жылғы 3 шілдеде Петропавл қалалық соты "Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі" ЖШС директоры мен бас инженеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Олар қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, сорғы станциясын және тұрғын үйлерді сумен жабдықтау мен жылыту жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Сот шешімімен серіктестік директоры 3 жылға, ал бас инженер 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Прокуратура мұндай қылмыстардың қоғамға келтіретін зияны материалдық шығыннан әлдеқайда ауыр екенін атап өтті. Бұл ең алдымен мемлекеттік органдарға деген сенімге нұқсан келтіреді.

Үкім 2025 жылғы 26 тамызда заңды күшіне енді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында лауазымды тұлғалардың бюджет қаражатын иемденуі заңды өрескел бұзу болып саналатынын еске салады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл