Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Полиция ескертеді: «Қазақтелеком» атын жамылған белгісіз тұлғалар тұрғындарды алдаудың жаңа тәсілін қолдануда
Жаңалықтар

Полиция ескертеді: «Қазақтелеком» атын жамылған белгісіз тұлғалар тұрғындарды алдаудың жаңа тәсілін қолдануда

28.01.2026
мин
0
270
Сурет: Ulysmedia

Астана қаласының Полиция департаменті «Қазақтелеком» атын жамылып, азаматтарды зиянды қосымшалар арқылы алдауға тырысатын белгісіз тұлғалардың әрекеті көбейгенін ескертеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полиция мәліметінше, белгісіз тұлғалар тұрғындарға қоңырау шалып, өздерін «Қазақтелеком» компаниясының қызметкері ретінде таныстырады. Олар байланыс қызметіне қатысты келісімшарттың мерзімі аяқталғанын немесе арнайы жеңілдіктер қарастырылғанын айтып, сенімге кіруге тырысады.

Одан кейін WhatsApp мессенджері арқылы «деректерді жаңарту» немесе «жеңілдікті іске қосу» деген желеумен күмәнді сілтеме жолдайды. Аталған сілтеме арқылы өткен жағдайда ұялы телефонға зиянды APK файл жүктеліп, оны орнатқан соң бөгде адамдар банк қосымшаларына, жеке деректерге және қаржы шоттарына қашықтан қол жеткізе алады.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда телефон қатты қызып, экран бұғатталуы немесе құрылғы басқару командаларына жауап бермеуі мүмкін.

Осындай белгілер байқалған жағдайда телефонды дереу өшіріп, SIM-картаны шығарып, интернетті ажырату қажет. Сондай-ақ банкке шұғыл хабарласып, барлық шот пен төлем карталарын уақытша бұғаттаған жөн.

Полиция азаматтарды сақ болуға және белгісіз нөмірлерден келген қоңыраулар мен сілтемелерге өтпеуге шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл