Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Премьер-министр шетелдік ауыл шаруашылығы техникасына лизинг беру неге тоқтатылғанын айтты
Жаңалықтар

Премьер-министр шетелдік ауыл шаруашылығы техникасына лизинг беру неге тоқтатылғанын айтты

21.06.2024
1 мин
1
460
Фото: primeminister.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шетелдік ауыл шаруашылығы техникасына лизинг беру  неге тоқтатылғанын айтты. 

«Ауыл шаруашылығын айтсақ, егіс жұмыстарын қаржыландыру биыл 4 есе өсті. Яғни, 540 млрд теңге диқандарға жіберілді. Оған қоса жаңа лизингтік бағдарламаға 100 млрд теңге жіберілді. Ол бағдарлама арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Ауыл шаруашылығы техникасын айтсақ, біз биыл импорттық техникаға берілетін субсидияларды тоқтаттық. Біздің пікірімізше, біз өзіміздің бюджет қаражатымыздың есебінен басқа елдің емес, тек өз өндірушілерімізді қолдауымыз қажет. Жалпы отандық өндірушілерді қолау бағытына келер болсақ, бұл мен басқарып отырған Үкіметтің негізгі басымдықтарының бірі», - деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол биыл 6,5 мың шақырым коммуналдық желі жөнделетінін атап өтті. 

«Автомобиль жолдарына тоқталсақ, биыл 12 мың шақырым автомобиль жолда құрылыс, күрделі жөндеу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл – үлкен көрсеткіш. Биыл 13 арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл – көп индустриалдық жобаларды іске қосуға мүмкіндік беретін қадам. 1 800 шақырым газ құбыры салынады. Ол дегеніміз 300 мың тұрғыны бар 67 елді мекен биыл газға қол жеткізеді деген сөз. 6,5 мың шақырым коммуналдық желі жөндеуден өткізіледі. 70 жаңа инвестициялық жоба іске қосылады. Ол шикізат емес, жоғары өңделген тауар өндіруге бағытталады. Сондықтан біз оны қолдап жатырмыз», - деді Олжас Бектенов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айнагүл 21.06.2024
Қазақстан дұрыс нәрсе өндірмесе қайтеміз?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл