Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында егін жинау жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткен.
Болжам бойынша агроқұрылымдар 7 миллион тоннадан астам дәнді және 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинайды.
Қазіргі таңда 3,6 миллион тонна астық бастырылды. Орта есеппен гектарынан 15,4 центнер өнім алынуда. Жиналған астықтың сапасы жоғары.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, майлы дақылдардың көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр. 2023 жылмен салыстырғанда олардың егістік алаңы 2,5 есе артып, 495 мың гектарға жеткен.
Осындай көпбейінді шаруашылықтардың бірі – "Зеренді сақтау өнімдері" ЖШС. Кәсіпорын дәнді және бұршақты дақылдарды өсірумен қатар, сиыр және жылқы тұқымдарын асылдандырумен айналысады. Бұдан бөлек, серіктестіктің қуаттылығы 2,5 мың тонна болатын май зауыты, құс фабрикасы мен диірмені бар.