Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент: “Ассамблея – бірлік пен тұрақтылықтың символы”
Жаңалықтар

Президент: “Ассамблея – бірлік пен тұрақтылықтың символы”

24.04.2025
1 мин
0
145
Сурет: Aqorda

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы басталды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, маңызды мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент өз сөзінде Ассамблеяның ел тарихындағы орны мен 30 жылда атқарған жұмысына кеңінен тоқталды.

– Бұл – еліміз үшін айтулы оқиға. Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтып, бейбітшілік пен татулықтың бірегей үлгісіне айналды. Соның арқасында Қазақстанда этносаралық үйлесім мен сенімге негізделген берік қоғамдық қатынас қалыптасты, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Ассамблеяның еліміздегі парламентаризм мен заңнамалық үдерістерге қосып отырған үлесін де ерекше атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, бүгінде Ассамблея тек кеңесші орган емес, бүкілхалықтық бірліктің негізгі моделіне айналған.

Айта кетейік, Ассамблея алғаш рет 1995 жылы құрылған. 2007 жылы оған конституциялық мәртебе берілді. Қазір Ассамблеяның ұсынысымен Сенатқа бес депутат тағайындалады.

Мемлекет басшысы сессия аясында соңғы жылдардағы саяси реформалар мен ел ішінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің де Ассамблея жұмысына тың серпін бергенін атап өтті.

Жиын барысында этносаралық татулықты сақтау, ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері де кеңінен қозғалды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл