Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның өңірлік деңгейдегі жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент өз сөзінде Түркістанда ашылған жаңа Достық үйін мысалға келтіріп, дәл осындай орталықтарды халық тығыз қоныстанған Алматы облысында және түрлі этнос өкілдері шоғырланған аудандарда Ассамблея (Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов) ашу қажеттігін айтты.
– Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейтуіміз керек. Достық үйлерін еліміздегі туристік бағыттар картасына қосу қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Тоқаев Ассамблеяның этномедиация саласындағы "Елдесу және татуласу" жобасын кеңейтіп, оны бүкіл елге тарату керектігін жеткізді.
Президент ақпараттық кеңістіктегі бірлік пен келісім идеясын күшейту қажеттігін де атап өтті. Бұл ретте Ассамблея жанындағы журналистер клубының жұмысын жандандырып, БАҚ өкілдерін тарту керек екенін ескертті. Өңірлерде этнос тілінде шығатын басылымдарға жүйелі қолдау көрсету маңызды екенін айтты.
Мәдениет пен өнердің әлеуетін де назардан тыс қалдырмаған Тоқаев этностар театрларының басын қосып, Алматыда фестиваль өткізуді ұсынды.
– Мұндай шаралар халықтың мәдени құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, еліміздегі ұлттар достығын нығайта түседі, – деді Тоқаев.