Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Елорданың маңызды бес мәселесін көтерді
Жаңалықтар

Президент Елорданың маңызды бес мәселесін көтерді

11.07.2023
3 мин
0
508
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент Астананың маңызды бес мәселесін көтерді.

«БІРІНШІ мәселе. Астананы жылумен қамтамасыз ету жүйесі орнықты болуы қажет. Елордадағы негізгі өзекті мәселелер қаланың дамуына қатысты тиісті жоспардың, яғни дұрыс жоспарлау жұмысының жоқтығынан туындап отыр. Мұны ашық айтуымыз керек. Бақылаусыз жүргізіліп жатқан құрылыс, сападан гөрі санға мән беру және жан-жақты ойластырылмаған шешімдер қаладағы өмірлік маңызы бар инфрақұрылымның тапшылығына алып келді.

Жағдайдың соншалықты мүшкіл болуына жауапты басшылардың біліксіздігі немесе бас пайдасын ойлағандығы себеп болды. Қала басшылығы құрылыс компанияларының пайдасын емес, мемлекет пен азаматтардың мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс.

ЕКІНШІ. Астананы сумен қамтамасыз ету өте маңызды міндет. Жаздың басында су тапшылығы қатты сезілді. Бұған тұрғындар наразылық білдіргенін білесіздер. Тіпті, жолдарды бөгеп, митингке шықты. Бұл – елорда өмірінде болып жатқан келеңсіз оқиғалар.

Ашығын айтсақ, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жауапты адамдар жұмысын адал атқармаған. Бұл – нағыз салғырттық, соның салдарынан осындай күрделі ахуал қалыптасты. Мұны, тіпті, жұмысқа селқос қарау емес, қасақана зиян келтіру деуге болады. Себебі, су, жылу, жарық – күнделікті тұрмыстағы аса маңызды қажеттіліктер. Бұл салада қателікке мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан, кінәлі адамдар тиісті жазасын алуы керек.

ҮШІНШІ. Тұрғын үй құрылысын ретке келтіру қажет. Қазіргі таңда Астанада 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынып жатыр. Өкінішке қарай, құрылыс қарқыны жоғары болғанымен, сапаға көңіл бөліне бермейді. Бұл салада олқылықтар өте көп.

Қаланы көркейтіп, жұртқа қолайлы жағдай жасау басты назарда болуға тиіс. Алайда, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі басым түсіп жатады. Қаланы дамыту ісінде бірізділік болмаған соң, орынсыз құрылыс көбейіп кетті. Әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындар болуға тиіс жерлерде тұрғын үй кешендері салынды»

ТӨРТІНШІ. Елорданың біртұтас сәулеттік келбетін қалыптастыру үшін пәрменді шаралар қабылдау қажет. Әзірленген Бірыңғай Қалалық жобалау кодексі іс жүзінде ресми құжатқа айналды. Салынып жатқан нысандар бір-бірімен үйлеспейді, бірыңғай стиль жоқ, эклектизм бар.

БЕСІНШІ. Елорданың өмір сүру сапасының тұрақты жақсаруын қамтамасыз ету керек. Астананың барлық тұрғындары қаланың инфрақұрылымына – білім беру және денсаулық сақтау нысандарына, мәдениет және спорт нысандарына, сондай-ақ саябақтар мен қоғамдық орындарға бірдей қолжетімді болуы керек. Бұл барлық азаматтардың өмір сүруіне қолайлы және  жағдай жасаудың негізгі шарты», - деп атап өтті Президент.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл