469.52
553.75
6.15
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Мұхтар Шахановтың жақындарына көңіл айтты
Жаңалықтар

Президент Мұхтар Шахановтың жақындарына көңіл айтты

20.04.2026
мин
0
110
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Мұхтар Шахановтың отбасына қайғыра көңіл айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

- Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.

19 сәуір күні Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Оның жары Ханшайым Шаханова Президентке ашық хат жолдап, ақынның соңғы аманатын орындауға қолдау көрсетуін сұрағаны да хабарланды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл