474.9
555.3
6.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент қолынан марапат алған жас математикке Cambridge пен Imperial таласуда
Жаңалықтар

Президент қолынан марапат алған жас математикке Cambridge пен Imperial таласуда

13.04.2026
мин
1
265

Халықаралық білім кеңістігінде Қазақстан оқушысының жетістігі жоғары бағаланды. Жас математик Марғұлан Шарелге әлемдік рейтингтегі жетекші университеттерден оқу гранты ұсынылған, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанның «SPECTRUM» халықаралық мектебінде білім алып жүрген оқушы Марғұлан Шарел әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарының назарына ілікті. Оған Ұлыбританиядағы беделді Imperial College London және University of Cambridge университеттерінен грантпен оқу мүмкіндігі ұсынылған.

Марғұлан — халықаралық математика олимпиадасы (IMO) жеңімпаздарының бірі, бұл жарыста ол үш мәрте үздік нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, ол 2026 жылғы республикалық олимпиадада математика пәні бойынша абсолютті бірінші орынды иеленіп, еліміздегі үздік жас математиктердің қатарына енді.

Жас дарынның жетістіктері мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Мемлекет басшысының қолынан арнайы марапат алған. Бұған қоса, 2024 жылы олимпиадалардағы жетістіктері мен басқа оқушыларға көрсеткен қолдауы үшін «Жақсы адам» сыйлығына ие болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Қ
Қазақ 13.04.2026
Керемет нәтиже
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл