| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Президент дипломат-ардагер Тілеухан Қабдырахмановты І дәрежелі "Достық" орденімен наградтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі "Достық" орденімен наградталды, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.
Тілеухан Қабдырахманов 1945 жылы Семейде туған. Ол әр жылдары Франция, Жапония, Өзбекстан, Литва, Латвия, Эстония және Финландияда елші болған.