| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Президенті су қауіпсіздігі халықаралық деңгейде күрделеніп бара жатқанын атап өтіп, БҰҰ жүйесінде тек су мәселесіне бағытталған арнайы ұйым құруды бастама ретінде ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Президенті халықаралық деңгейде су қауіпсіздігіне байланысты тәуекелдер артқанын атап өтті. Оның айтуынша, тұщы су тапшылығы әлемдік күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің біріне айналып, елдер арасындағы ықпалдастықты күшейтуді талап етіп отыр.
Президент осыған байланысты БҰҰ шеңберінде тек су саласына арналған арнайы құрылым құруды ұсынды.
- БҰҰ жүйесінде тек су мәселесімен айналысатын арнаулы құрылым жоқ. Бұл түйткілді тез арада шешкен жөн. Қазақстан Халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Сол арқылы БҰҰ аясындағы түрлі ұйымдардың барлық мандатын бір мақсатқа жұмылдыруға болады. UN-Water ведомствоаралық тетігін БҰҰ-ның толыққанды арнаулы агенттігіне немесе ұйымына айналдыру оңтайлы шешім болар еді. Мұндай бастаманы іске асыру БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен барша халықаралық қоғамдастықтың мүддесіне сай келеді. Келесі жылы сәуір айында Астанада Аймақтық экологиялық саммит өтеді. Аталған жиында Қазақстан жаһандық су ұйымын құру туралы халықаралық консультация процесін бастауға ниетті. Ортақ саяси ерік-жігердің арқасында күн тәртібіндегі судың өзекті мәселелері жүйелі түрде шешіле бастайтынына сенімім кәміл, – деді Мемлекет басшысы.
Форум аяқталған соң Президент бұл кездесудің мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайтып, экологиялық саясаттағы жаңа бағыттарды айқындауға мүмкіндік бергенін атап өтті.