Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Көкшетау қаласында жүзеге асырылып жатқан "Көк шалғын" біртұтас қоғамдық кеңістігін қалыптастыру жобасы таныстырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоба тұжырымдамасына сәйкес, Мәңгілік алау, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы және Сағдиев көшесі бірыңғай туристік бағытқа біріктірілмек. Бұл аумақ үйлесімді сәулетімен және дизайнерлік шешімдерімен ерекшеленетін жаңа демалыс орнына айналады.
Қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің айтуынша, жоба аясында аумақ көгалдандырылып, автоматты суару жүйесі орнатылады. Сондай-ақ құрғақ субұрқақтар, декоративті шамдар мен заманауи орындықтар қойылады. Жалпы 7,5 гектар жер абаттандырылып, жасыл желек отырғызылмақ.
Президентке "Таза Қазақстан" акциясы аясында Көкшетауда 7 мыңнан астам ағаш отырғызылғаны, жыл соңына дейін бұл сан 11 мыңға жеткізілетіні баяндалды.
Мемлекет басшысы бұдан соң маусым айында пайдалануға берілген жаңа жағалауды аралап көрді.