| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметке тағайындалуына толық тыйым салынатынын жеткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы жақын туыстардың билік құрылымына кіруіне қатысты норманың ерекше маңызға ие екенін айтты. Ол бұл ереже биліктегі отбасылық ықпал мен бір қолға шоғырлануға тосқауыл болатынын атап өтті.
- Президенттің туыстары мемлекеттік қызметтегі немесе квазимемлекеттік сектордағы басшы лауазымдарды атқара алмайды. Бұл – биліктің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететін маңызды шара, – деді Президент.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір ықпалды тұлғалардың немесе «сұр кардиналдардың» мемлекеттік институттарға үстемдік етпеуі керектігін айтты. Ол бұл тәжірибенің жойылатынын және биліктің қоғам алдындағы есептілігін күшейтетінін атап өтті.