Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Психикалық ауруға шалдыққан балалар саны артқан. Мамандар не дейді?
Жаңалықтар

Психикалық ауруға шалдыққан балалар саны артқан. Мамандар не дейді?

29.10.2022
2 мин
2
1163

Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық ауруға шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға өскен. Елорданың өзінде 3 мыңға жуық бала ресми тіркеуде тұр. Олардың қатары пандемиядан кейін арта түсіпті, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Астана қаласы бойынша 19 мың адам психикалық ауруға шалдыққан. Оның 3 мыңға жуығы 18 жасқа толмаған балалар. Жүйкесі сыр берген 440 жасөспірім қазір шаһардағы психикалық орталықта емделіп жатыр.

"Бізді мазалап отырған жәйт, бұл балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық ауытқулардың өсуі. 14-15 пайызға өсіп отыр", - дейді қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының міндетін атқарушы Гауһар Бектаева.

Елімізде психикалық денсаулық "қазаны" жабулы күйде тұр. Кейбірі, тіпті, мұндай аурудың бар екенін де білмейді. Енді бірі баланың бойындағы өзгерісті байқай тұра, психотерапевт көмегіне жүгінуді ұят санайды. Салдарынан бүкіл әлемде бұл дерттің жастар арасында таралуы үдей түсті, дейді дәрігерлер.

"Себебі көбі психотерапиялық денсаулыққа назар аудармайды. Көбі теріс тәрбие алады. Мысалы, біздің халықта "шыда" дейді. Әртүрлі күйзелістер болса, әртүрлі қиыншылықтар мен психотерапиялық соққылар алып отырса да, ол адам шыдайды", - дейді қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Тоқтар Қойшыбеков.

Психолог Лаура Жексембаева керісінше, қазір психологтың көмегіне жүгінетін ата-ана қатары артқанын айтты. Бірақ барлық отбасы емес, жастар ғана жүгінетінін жеткізді.

"25-35 жас аралығындағы ата-аналар қазіргі балалардың психикалық жағдайына көбірек көңіл бөлуде. Психологқа жүгініп, алып келеді. Тіпті, баланың мінез-құлқында бір оңашалану, араласпай қою, сондай өзгешеліктерді байқаса бірден психологқа әкеліп жатады. Ал 35 жастан асқан ата-аналар кішкене қиындау. Олар оны қалыпты жағдай деп есептейді көбінесе немесе менің балам дұрыс емес, өзі сондай, әдейі істейді деп ойлайды", - дейді ол.

Мамандар жағдайға нақты не себеп болып отырғанын айта алмады. Дегенмен балаға ата-ана тарапынан көңіл бөлінбеудің де салқыны тиіп жатыр деп есептейді. Мұны елордалық Серік Төкеев та құптайды.

"Үйге барсаң бала бір телефонда, әйелің бір телефонда, басқалар бәрі бір-бір телефонда отырады. Бұрынғыдай "общение" жоқ. Бала тәрбиесіне әсері осы деп ойлаймын. Мысалы, балаға көп көңіл бөлу керек қазір", - дейді ол.

Жүйкесі сыр берген жасөспірім қылмыс жасап, керек десең өз-өзіне қол жұмсаудан да тайынбайды. Сондықтан мамандар ата-аналарға баласының бойынан қандай да бір оғаш қылықты, ауытқуды байқаса, бірден дәрігер кеңесіне жүгінуді ұсынады. Бұл оқыс жағдайдың алдын алудың алғышарты екенін ескертеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
269
2 Пікір
М
Мусатай 30.10.2022
Мен кеше Өзбекстанга бардым, баламды емдетуге. Баламды Қазақстандағы дарігерлер аутизм диагнозын койды бірак қалай ем алу керек екенін айталмады. Ал Өзбекстан басқа диягноз қойды. Қалай емдей керек екенін сенімді айтып отыр жане 10 кун емін алып қайттық. Ем алып жпткандардың барі қазақтар. Не бір қытайды көрмедім не бір қырғызды көрмедім не бір орысты көрмедім. Санасам 70 атана екен ем алып жаткан ал жазда бұдан 4 есе көп болады дид. Сонда денсаулык сақтау министрі қайда карап отыр. Осынша ата-ананы балаларымен қанғытып. Сөлессем біреуіне Өкімет көмектеспеген. Өзбекстанға келіп ем алу 600мың мен 700мың шамасында 10 күн еміне кетеді. Жанеде әр 3 ай сайын келіп отырады. Ола акшаны ата-анасы қайдан табады. Енді мемлекет осы ата-аналарға еміне акша тауып берсін. Немесе Сайдов Жамшит мырзадай дарігер тауып берсін. Патшамыз Тоқаев мырзаға жетеді деген ойдамын
Жауап беру
Н
Ннн 30.10.2022
Сізді қолдаймын, өте дұрыс айтасыз. Бұндай балаларға мемлекет мүлдем көңіл бөлмейді. Врачтар да диагноз қоя алмай отыр.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл