Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қ.Тоқаев: Қандастарымыз тұратын Ресейдің кей облыстарында қазақ мектептерін ашуға мүдделіміз
Жаңалықтар

Қ.Тоқаев: Қандастарымыз тұратын Ресейдің кей облыстарында қазақ мектептерін ашуға мүдделіміз

09.11.2023
2 мин
0
585
Фото. Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары қарсаңында ресейлік "Известия" газетіне көлемді сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президент "Известия" газетіне берген сұхбатында алдымен қазақ-орыс қатынасына тоқталған. «Біз әрдайым олардың ұстанымына назар аударуға тырысамыз, олар да біздің пікірімізді ескереді», - деді ол. Әрі биыл екі елдің XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартқа қол қойғанына 10 жыл. Ресейден соңғы 18 жылда 20 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Ал Қазақстан 6 миллиард құйған. Қазір бірлескен 143 жоба жүзеге асып жатыр. Байланыс сан салада дамып келе жатыр деуге де болады. Мәдениет және білім салаларындағы ықпалдастық бойынша Президент Ресейде қазақ мектептерін ашу жайлы ойымен бөлісті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазіргі уақытта Ресейде 60 мыңнан астам Қазақстан студенті білім алып жатыр. Бұл өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұдан Ресей жоғары оқу орындарының білім әлеуеті жоғары әрі сұранысқа ие екенін байқауға болады. Сонымен қатар мұндай таңдау жасауға территориямыздың жақындығы, тілдік кедергінің жоқтығы, оқу ақысының қолжетімділігі, оқытушылар құрамының біліктілігі, көптеген білім ордасының кеңес кезеңінен бері қалыптасқан беделі мен атағы ықпал етті. Қазақстанда техникалық бейіндегі шетелдік жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл еліміз Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жасалған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің филиалдарын тең негізде құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялады. Соның нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ филиалы, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылды.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жанынан Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-техникалық университетінің филиалы ашылады.

«Халықтарымыздың тарихи және мәдени жақындығын ескерсек, орта білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге екі тараптың да қызығушылығы бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл ретте біз Ресейдің Қазақстанмен шекаралас, қандастарымыз көп тұратын облыстарында осындай мектептер ашуға мүдделіміз», деді Қ.Тоқаев.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл