Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қандай жағдайда банк картаны бұғаттай алады
Қаржылық сауат

Қандай жағдайда банк картаны бұғаттай алады

13.09.2021
1 мин
10
9149

Төлем картасы - бұл банктік шоттан қаражатты пайдалану құралы. Десек те, банк картаны бұғаттап, карта қолданушысының шотында жатқан ақшаны пайдалану мүмкіндігін шектей алады. Осы ретте, банк картаны бұғаттаған жағдайда не істеу керетігіне тоқталамыз.

  • Картаны бұғаттау деген не?

Айта кетейік, қазақстандық заңнама аясында «бұғаттау» түсінігі төлем карталарына қатысты қолданылады. Бұл оларды пайдалану қызметін жүзеге асыруға, соның ішінде тауарларды төлеуге және қолма-қол ақшаны алуға тыйым салу.

Картаны бұғаттау жайлы жағдайлар картаны шығарған банк ережелерінде, сондай-ақ Қазақстан аумағында оларды пайдалана отырып, қызмет көрсету жүйесіне қойылатын талаптарда белгіленген. Ол жерде банк қандай жағдайда картаны бұғаттайтыны толық жазылған. Карта қолданушысынан төлем картасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы хабарлама алған кезде, сондай-ақ қолданушы төлем картасын ешкімге бермеу туралы шартты ұстанбаған жағдайда банк картаны бұғаттауға құқылы.

Банк қандай жағдайда картаны бұғаттай алады?

Сіз PIN-кодты бірнеше рет қате терсеңіз, банк картаны бұғаттай алады. Кейбір банктердің банкоматтарында PIN-кодты үш рет қате енгізген жағдайда карта автоматты түрде бұғатталады. Банктер әдетте клиенттерге бұл туралы ескертіп, қосымша ақпарат алу үшін call-орталыққа хабарласуды ұсынады.

Сондай-ақ карта арқылы орындалған қандай да бір қызмет күмәнді болып көрінген жағдайда банк картаны бұғаттай алады. Соңғы кездері қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуіне байланысты қаржылық алаяқтықтардың саны да артып келеді. Сол себепті банктер карта арқылы жасалатын алаяқтық операциялардың алдын алу үшін картаны бұғаттай алады.

Тағы қандай жағдайларда банк карта мен шотты бұғаттай алады

Банк мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдеріне сүйене отыра, банктік шоттағы ақшаны алып тастауға, сондай-ақ қызметтерді тоқтата тұруға құқылы. Оларға алимент төлемеу, салық төлемеу, үшінші тұлға алдындағы қарыз, айыппұлдар және т.б. шешімдер жатады. Десе де, банк қызметкерлері төлем картасының не себепті бұғатталғанын немесе банктік шотқа тыйым салынғанын түсіндіру керек. Банк төлем картасын заңсыз бұғаттаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігіне жүгінуге болады.

Сондай-ақ банк жалақы алатын картаны бұғаттай алады. Бірақ бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, алименттерді аударуға немесе білім беру жинақтау салымдарын сақтауға арналған арнайы шотты бұғаттай алмайды. Арнайы шоттағы қаражатты ешкім мәжбүрлі түрде өндіре алмайды.  

 

 

 

 

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1158 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
10 Пікір
М
Майра 17.10.2023
Алимент алатын картамды сот орындаушылар құлттай алама банктен кредитім толенбей жатса
Жауап беру
n
nurbol325@gmail.com 29.11.2021
Менде заңсыз бугаттай берди накты кимге хабарлассам болады меним ном 87775719563
Жауап беру
М
Мұхтар 21.10.2021
Сонда карыз просрочка болған жағдайда банк инвалидтын пенсия алатын картасын бұғаттай алмайма?
Жауап беру
Г
Гулназым 16.09.2021
Менің каспий корточкамды и айлық корточкамды бұғаттап ішіндегі ақшамды алып қойган сот орындаушы өзінің шотына салып алган. Енди мен оны сотка берсем баска сот өкілдері ісімді қарамады. Бир бирине сілтеп отыр. Енди калай ол акшамды алсам болады. Шаршаты сот орындаушылары Алла жазасың берсин.Недеген адамдар.
Жауап беру
М
Мұхтар 21.10.2021
Сот орындаушы содан өз ақшасын алады ғо
Жауап беру
Г
Гулнур 20.09.2021
Менде же сондай жагдай сот орындпушысы алименттен тускен акшаны Дурыс салмай отыр .тусинбейм Алладан корыкпайтын кандай адам
Жауап беру
С
Сауле 18.09.2021
Тек 50% устауга кукылары бар. Тек сот аркылы шешесиз акшанызды. Болмаса карточканы сот аркылы аресттен шешкизуге болады. Типтен болмаса сот орындаушының өзине барып жартысын аштыруга болады. Егер сот орындаушы сизге дореки сөздер айтып,50% ашып бермесе онда фин.полицияга немесе прокуратураға сот орындаушының устинен шагымданыз болады. Создерин жазып алыныз
Жауап беру
Н
Нуржан 15.09.2021
Ал егер акем кайтыс болды , сол жагдайда банк карточканы бұғаттай алама автоматом?
Жауап беру
Д
Динара 16.09.2021
Банкке барып жаптырасыз
Жауап беру
С
Саян 14.09.2021
Менын зарп счетымды бугаттап тастады
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл