Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қансырап жатқан: 112 қызметіне хабарласқан қызға сенбеген құтқарушы сотталды
Жаңалықтар

Қансырап жатқан: 112 қызметіне хабарласқан қызға сенбеген құтқарушы сотталды

29.02.2024
1 мин
1
1775
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде қарақшылық шабуылдан аман қалған қызға дер кезінде қол ұшын созбаған құтқарушыға қатысты сот үкімі шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Абылайхан Бержанов өз жұмысына салғырт қарағаны үшін алты ай емін-еркін жүріп-тұра алмайды, деп хабарлайды Dauletten.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Осыдан он ай бұрын түн жарымында 112 құтқару қызметіне 13 жастағы София хабарласқан. Байланыс бірнеше рет үзіліп кетіпті. Кейін телефон тұтқасын көтерген кезекшінің көмекшісіне жасөспірім пышақ жарақатын алғанын, анасы мен бауырын қылмыскер өлтіріп кеткенін айтады. Бірақ оған Абылайхан Бержанов илана қоймапты. Керісінше, балаға «ойнамай, тыныш отыруын» сұрайды. Қансыраған жасөспірім осы аралықта талып қалған. Есін қайта жиып, тағы да құтқару қызметінен көмек сұрайды. Оқушы бірнеше рет мекенжайды анық айтып, «ауыр жарақат алдым» десе, қоңырауға жауап берген кезекші сенбеген. Тек 55 минут өткен соң жедел жәрдем шақыртыпты. Енді осы жауапсыздығы үшін судья жарты жалға бас бостандығын шектеді. Сондай-ақ, жәбірленуші тарапқа бір миллион теңге көлемінде өтемақы төлейді. Бірақ құтқарушы тағылған айыппен келіспеді. Ол аппеляциялық арыз түсіремін деп отыр.

«Біржанов ҚР ҚК 371-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Жәбірленушіге бір миллион шығынды өтесін», - деді Ақтөбе №2 сотының судьясы Ахметқали Молдағалиев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
273
1 Пікір
Р
Раушан 29.02.2024
911 сериалын көрсету керек құтқарушылар мен полицейлерге Софияның еңдігі жағдайы қандай екен????
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл