Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында Қапшағай су қоймасында қайық аударылып, екі ер адамның бірі жағаға шықса екіншісі әлі табылған жоқ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 31 тамыз күні сағат 15:00 шамасында 9-шы насос станциясы маңында болған. "112" қызметіне хабар түскеннен кейін құтқарушылар жедел жетіп, іздестіру жұмыстарын бастаған.
ТЖД мәліметінше, жоғалған ер адам шамамен 400 метр қашықтықта суға кеткен. Қолайсыз ауа райына және су қоймасының аумағының үлкендігіне қарамастан іздеу жұмыстары жалғасуда.
Құтқару жұмыстарына 17 құтқарушы, 3 техника , 4 жүзу құралы, дрон мен "Эхолот" құрылғысы жұмылдырылған.
Іздестіру әлі де жалғасып жатыр.