| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ 13 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кетті. Ол 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған.
Жеке мәліметтері:
Жасы – 13-те. Бойы шамамен 150–155 см, дене бітімі орташа. 7-сынып оқушысы.
Киімі:
Қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім киген.
Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына хабарлауды сұрайды.
Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бейжай қалмауға шақырады.