464.86
544.03
6.14
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағанды облысында қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырып кетті
Жаңалықтар

Қарағанды облысында қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырып кетті

27.04.2026
мин
0
85
Сурет: zakon.kz

Аймақта соққан қатты жел салдарынан бірнеше тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға зақым келді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауынан қатты жел тұрып, бірқатар нысандарға зиян келтірді. Тұрғын үйлердің шатырлары бүлініп, кей жерлерде ағаштар құлаған. Сондай-ақ пайдаланылмай тұрған металл мұржа да желге шыдамай құлап түскен.

Синоптиктердің дерегінше, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жеткен. Облыс орталығы Қарағанды қаласында үш тұрғын үйдің шатыры ішінара зақымданған. Сонымен қатар, аулалардың бірінде тұрған жеңіл автокөлікке де залал келген.

Абай қаласында бес қабатты екі тұрғын үйдің шатырына зақым келсе, Осакаров ауданында мектеп ғимаратының шатыры бүлінген. Қарқаралы қаласында да екі қабатты тұрғын үйдің шатырына зиян келгені белгілі болды. Бұдан бөлек, №2 қазандық аумағында орналасқан пайдаланылмай тұрған металл мұржа құлаған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына қарамастан, адам шығыны мен зардап шеккендер тіркелмеген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл