Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медпункт ашылды
Жаңалықтар

Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медпункт ашылды

16.09.2025
1 мин
0
165
Сурет: ашық дереккөз

Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Бұл әлеуметтік нысан ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен салынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Медициналық пункт 200-ден астам ауыл тұрғынына қызмет көрсетеді. Ол заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, тексеру және ем-шаралар кабинеттері бар. Сондай-ақ шұғыл жағдайларда көмек көрсету үшін мекемеге аудандық аурухананың реанимобилі бекітілген.

Бұл Шет ауданында қайтарылған активтер есебінен жүзеге асқан жалғыз жоба емес. Қазір Жыланды ауылында да жаңа медициналық пункттің құрылысы жүріп жатыр.

Облыстағы Арнаулы мемлекеттік қордан қаржыландырылған 51 медициналық мекеменің 24-і салынды, оның 11-і пайдалануға берілген. Қалған 27 нысанның құрылысы жалғасуда және қыркүйек айының соңына дейін тапсыру жоспарланып отыр.

Жаңа медициналық нысандарды ашу Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қабылданған "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында іске асуда. Бүгінде жоспарланған 655 жобаның 540-ы жүзеге асырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл