Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағанды перзентханасында жас келіншек қайтыс болды
Жаңалықтар

Қарағанды перзентханасында жас келіншек қайтыс болды

06.06.2022
1 мин
1
2135

Қарағандыда сәбилі болғаннан кейін үш аптадан соң 24 жастағы келіншек көз жұмды.

Марқұмның туыстары перзентхана дәрігерлерін немқұрайлылық танытты деп айыптап отыр. Аталған дерек бойынша тергеу басталды.

Әлеуметтік желілерде босанғаннан кейін қайтыс болған 24 жастағы Динара Левенконың сіңлісі жазған бейне тарап кетті. Видео авторының айтуынша, оның әпкесінде ауруханадан шыққанда ішкі қан кету болған. Біраз уақыт өткен соң дәрігерлер оның жатырын алып тастаған. Сол отадан соң Динарада сепсис пайда болып, ми ісінуі байқалады.

«Біздің отбасымызда болған қайғымен сіздермен бөліскім келеді. Менің әпкем 29 сәуірде Қарағанды қаласының №1 облыстық перинаталдық орталығында босанды. Содан кейін оны әлсіз жағдайда, қатты ауырсынумен және дене қызуы көтеріліп тұрғанына қарамастан, ауруханадан үйге жіберді. Бір күнде гемоглобині 50-ге дейін төмендеді, бұл ішкі қан кетуді білдіреді. Сонан соң дәл осы перзентханада оның жатырын алып тастау отасы жасалды. Нәтижесінде, ауруханада әпкемде қан инфекциясы пайда болды, сепсис білінді, бұл мидың ісінуіне, содан кейін өлімге әкеледі. 21-ші күні менің әпкем – дені сау 24 жастағы келіншек акушерлік сепсистен қайтыс болды. Бұның дәрігерлердің кінәсінен орын алғанына сенімдімін», - деді қайтыс болған әйелдің әпкесі Анар Мағзұмова.

Марқұмның туыстары бұл фактіні уәкілетті органдардың мұқият тексеруін және кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр. Қазіргі таңда Медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын бақылау комитеті жағдайды талдауда.

«Қазіргі уақытта босанған әйел Левенконың қайтыс болу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілуде. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция департаменті «Медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды.

Оқиға салдарынан екі бала жетім қалды. Динара Левенконың үлкен ұлы 6 жаста.

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Б
Баян 06.06.2022
Алла сабыр берсін иманды болсын, менде дәл осындай ішке қан кетіп бір өлімнен қалғанмын, врачтар өз істеріне немқұрайлы қарайды, денсаулығым жақсы деп айтаалмаймын, оңбағандардың кесірінен.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл