Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағанды: Қарттар үйінің қызметкері сотталды
Жаңалықтар

Қарағанды: Қарттар үйінің қызметкері сотталды

09.12.2022
1 мин
1
944

Қарағанды ​​облысы Абай ауданында Қарттар үйінің директоры мен қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Айпталушылар қатарында пошта қызметкері де болған, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Tengrinews.kz агенттігінге сілтеме беріп.

Абай аудандық сотында екі әлеуметтік қызметкер мен қарттар үйінің директорына, сондай-ақ пошташыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, әлеуметтік қызметкерлер қылмыстық келісімге келіп, өз бетінше қозғала алмайтын және ақшасын шеше алмайтын 24 зейнеткер мен мүгедектің зейнетақысын ұрлаған.

Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін олар ақша әкеліп тұратын "Қазпошта" қызметкерін тартқан. Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлықтағы қарттардың зейнетақысын алып, қағаздарға жалған қолтаңбалар қойған.

Кейін мемлекеттік мекеме директоры өз қызметкерлерінің заңсыз схемасын біліп қойған. Ол қоластындағылардың әрекетін тоқтатудың орнына, олармен тіл табысып, өз үлесін алуды ұйғарған.

Нәтижесінде Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі. Ұсталғаннан кейін заңсыз әрекетке қатысқандар кінәсін мойындаған.

Үш тұлғаға жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау орнатылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Мекеме басшысы ұрланған мүлкінің он еселенген мөлшерінде айыппұлмен құтылған. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айгүл 10.12.2022
Адамнан емес Алладан қорықпағаннан қорқыңдар деге сөз бекерден айтылмаған гой Алла ұлық және Әділ гой ешімнің ақысын ешкімге темболе қариялардың мүгедектердің және жетімдердің ақысын ешкімге жегізіп қоймайды гой Алла ұлық
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл