Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағандыда екі жасар баланы пойыз қағып кетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүлдіршін ауыр жарақаттан жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда жүк пойызы қағып кеткен екі жасар бала кейінірек ауруханада көз жұмды.
Оқиға 1 маусымда Қарағанды-Ақадыр учаскесінде күндіз болған. Машинист жүк пойыздының алдына жүгіріп шыққан баланы көріп, шұғыл тежегішті басқан. Бірақ соққының алдын ала алмаған.
Жақын маңда тұратын тұрғындар теміржол торабына қоршау орнату мәселесін бұрыннан көтергенін айтады. Алайда жергілікті әкімдік бұған құлақ аспаған көрінеді.
Енді осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
- 344-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұл - қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу. Қылмыстық іс аясында тергеу жүргіземіз, - деді Қарағанды-Сортировочная стансасы желілік полиция бөлімінің бастығы Бағлан Жарылқасынұлы.