Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарызға белшесінен батуға жол жоқ: несие туралы заң жобасы мақұлданды
Жаңалықтар

Қарызға белшесінен батуға жол жоқ: несие туралы заң жобасы мақұлданды

10.12.2020
1 мин
22
5165

Мәжіліс ел азаматтарының несиені тым көп алуына тосқауыл қою үшін дайындалған заң жобасын І оқылымда-ақ мақұлдады. Жоба бойынша қазақстандықтарға микроқаржы ұйымдары тарапынан несие берілген уақытта оның процентімен қоса есептегендегі жалпы сомасы шарттың бірінші бетінде көрсетілуі керек.   

Төменгі палата депутаттары дайындаған құжат қазақстандықтардың несиені көп алуын тежеуді және тұтынушылық несиенің берілуін оңтайландыруды көздейді. Мәжіліс депутаты Альберт Раудың айтуынша, аталған заң жобасын қабылдау халықтың қарызға белшесінен батуына жол бермейді. Яғни заң жобасы микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелеріне бағытталған.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметтеріне сәйкес, биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша микроқаржы ұйымдарынан 170 мың кәсіпкер мен 810 мың жеке тұлға несие алған. Оның жалпы сомасы 735 миллиард теңгеден артық қаражатты құрайды. Сонымен қатар, қарызды бөлшек несие бойынша алып, қайтара алмай жүргендер саны 310 мың адамға жеткен. Бұл көрсеткіш – жалпы несие алғандардың 38 проценті.

«Азаматтарды қосымша қорғау мақсатында депутаттар микроқаржы және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері туралы заң жобасын әзірледі. Оған сәйкес, микрокредит беру туралы келісімнің алғашқы бетінде кредиттің толық сомасы (кредиттің пайызын қосқанда, үстіне қанша теңге қосып төлейтіні), сондай-ақ, микрокредитті өтеу кестесі көрсетілуі тиіс», – деді Альберт Рау өз сөзінде.

Депутат сондай-ақ жарғылық капиталға байланысты ойын білдіріп, оған қатысты талаптарды енгізу орынды деп санайтынын жеткізді. Мысалы, ақпаратты сақтау, жеке мәліметтерді қорғау, аудио-видеофиксация, кеңсе ұстау сияқты қадамдар үшін активтер қажетін айтты Рау.

Оған қоса, Мәжіліс депутаттары коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін 10 миллион теңге деп белгілеуді ұсынды.  

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
22 Пікір
Д
Дастан 12.12.2020
Халықты тонап болды ғой несие шет елдерде 10 пайыздан аспайды осыған үкімет не қарамайды . Айтқандарыңыз өтірік осы шет елдерде қарайсыз доллардан үлгі алады қазақтың өз байлығы өзіне жетеді ғой дұрыстап жұмсамақшы апаттан да бай тұруға болады.
Жауап беру
М
Мақсат 11.12.2020
Халықты тонап бітті кедейшілікке түсірді халықтың алған несиелеріне бір реттік амнистия рақымшылық жариалансын
Жауап беру
Г
Гулжаухар 11.12.2020
Кредит кешірілсе екен жаппай жалғыз басты көп балалы деп бөлмей.Байы бар қатындарлың кінәсі байы менен от басын тұрғаны үшін кінәліма? Біздеде проблемалар бар .Өтініш жаппай кешірілсінші.
Жауап беру
Б
Бекзат 11.12.2020
Кредиттин проценти азайтылса сока бермей тускен жалакыны толык устап калу зандыма зансыз ба
Жауап беру
Г
Гүлсара 11.12.2020
Амалымыздың жоғынан алдық енді жанымыз қиналып кетті жолдасыда екі жақтап жатырмыз пратцент өте көп айлығымыз аз кридиттің жабылуын қолдаймын жалдамалы пәтерде түрамыз аллаһ қолдасын
Жауап беру
Ш
Шалимбетова Разкул 11.12.2020
Кредиттер өте көп пайызбен беріледі. Оны халықтың қалтасы көтермейді. Біздің елде айлық та пенсияда аз мөлшерде толенеді. Сол үшін жетпегендіктен амалсыздан барады гой байғұс халық. Әйтпесе жетіскеннен ешкім алмайды гой кредитті.
Жауап беру
А
Ақмәнет 11.12.2020
Процент азаитылса жақсы болар еді
Жауап беру
Ф
Фаатима 11.12.2020
Отандыық компания деп алаяқтаррға алдаанып кредитке қалай ббаттқанымды білмей қалдым .Енді төлеуге жетпей жатыр.Бір шарасы ттаабылса жақсы болар еді
Жауап беру
Б
Багила 10.12.2020
Кредит куиеуімнің еміне керек болып алғамын енді індетің кесірінен жумыс жоқ төли алмаи журмін енді неболар екендеп қарапайым қалықты ойлайтын пәнде жоқ сайланып алып қалталарын толтырады жоғарыдағылар
Жауап беру
Н
Нурлан 10.12.2020
Проценті жоғары кәзіргісі,соны азайту керек.
Жауап беру
М
Мейрамбек 10.12.2020
Мен кредит төлей алмай жүрмің тамыз айынан бастап жұмыс тоқтап қалды
Жауап беру
Д
Динара 10.12.2020
Банк пайызын азайтсын тым жоғары. Алғың келмеседе алуға тура келетін жағдайлар көп болады.
Жауап беру
К
Коп балалы аналардын кредитын жапсын 10.12.2020
Карантин кезинде бари карызга белшесинен батты.
Жауап беру
А
Акнурч 10.12.2020
Пайыздарын азайтсын калыкты жегендерын койсын калык кайыршы болды енды не калды
Жауап беру
С
Сабина 10.12.2020
Тақырыбы жазылған мәтінге сай емес!!! Барлығы кіріп оқысын дер осындай тақырып қойған ау шамасы...
Жауап беру
Г
Гулжан 10.12.2020
Микрокридит мысалы онмың алсаң куніне % журеди ең азы 200 теңге. Осыны болдырмау керек оңай берип куніне % журеді .Бул сумдык кой Даулет мырза осы мирокридит беретин мфо тоо жабу керек студенттер карт адамдвр бәрі қарыз . Бір шешімі болса ???
Жауап беру
С
Сауле 10.12.2020
Кредиттин пайызын азайтса кайтеди . Шынымен халыкты ойласа . Пайызын коп екенин так и так билемиз .
Жауап беру
Д
Даметкен 10.12.2020
Кредитті біреу үшін алмадық өзіміз үшін шаруашылық үшін алдық қой енді Хоум банктер соңғы 8 айын аукционный платеж деп тұрғой сол ескерілсе екен жалпы көп төлеп отырмыз
Жауап беру
С
Сая 10.12.2020
Карантинге дейн кредитимди калдырусыз толеп келдим,карантинде жумыс токтады,казир коллектора отти,ешкандай женилдик жок,наоборот 300 мындык кредитим 600 мын боп кетти,
Жауап беру
М
Мадина 10.12.2020
Депутаттар сонда сонгы беттегы карызын бириншы бетине жазындар деген шешим кабылдагвн ба, одан да процентын азайтып халыктын жагдайын котермей ма, кредит алма деп айту онай, жетискенинен алмайды кредит, коллекторлар вообщем куйдырып жатыр, банктен сатып алып устине паленбай процент косып добивают, сонда адилдик кайда, халыктын кредитын кеширсын.
Жауап беру
Ж
Жамила 10.12.2020
Нақты ештеңе түсінбедім, адамдарда жұмыс жоқ жағдай жоқ амалсыз кредитке кіріп отыр емеспа, кредит кешірілсін деген заң қашан шығады екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл