Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаржы пирамидалары жарнамасы: 3 мыңнан аса сайт бұғатталады
Жаңалықтар

Қаржы пирамидалары жарнамасы: 3 мыңнан аса сайт бұғатталады

26.07.2022
1 мин
1
2390

Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттау тетігі әзірленді. Нәтижесінде 3 мыңнан аса сайт бұғаттауға жіберілді.

"Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді. Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан аса осындай сайттар бұғаттауға жіберілді.

Биыл жалпы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген. Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды. Барлық тұлғаларға нақты мерзімге - 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. 

ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржы пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
279
1 Пікір
Ә
Әлия 26.07.2022
Инста әлеминде Адал баспана деген бирлестик өзін жарнамалап жатыр бұл не бирлестик
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл