Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаржы пирамидасы БҚО тұрғындарына 770 млн теңгеге жуық шығын келтірген
Жаңалықтар

Қаржы пирамидасы БҚО тұрғындарына 770 млн теңгеге жуық шығын келтірген

19.07.2023
2 мин
0
457
Фото: Ашық дереккөзден

Қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА БҚО бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берді. Сонымен бірге, «Chia Tai Pharmaceutical» жеке тұлғалардан ақшаны алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.

Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.

«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз», - деп хабарламада ескерту жасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл