| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мобильді аударымдар үшін бірден айыппұл салынбайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдарға қатысты жаңа талаптарға байланысты қазақстандықтарды алаңдамауға шақырды. Оның айтуынша, бірден айыппұл салынбайды. Алдымен азаматқа хабарлама жіберіліп, түсініктеме алу көзделген. Осы кезеңде адам өз еркімен жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы шешім қабылдай алады.
Егер азамат тарапынан ешқандай әрекет жасалмаса ғана келесі кезең іске қосылады. Мұндай жағдайда салықтық тексеру жүргізіледі, ал салықтар тек тексеру барысында барлық растайтын құжаттар алынғаннан кейін есептеледі.