Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаржылық мониторинг агенттігі «Mellstroy» блогеріне қатысты тергеуді бастады
Жаңалықтар

Қаржылық мониторинг агенттігі «Mellstroy» блогеріне қатысты тергеуді бастады

17.11.2025
мин
0
244
Сурет: instagram.com/mellstroy

Беларусь азаматы Андрей Буримге халықаралық іздеу жарияланды. Сот блогерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр.

— БАҚ тарапынан келіп түскен сауалдарға орай хабарлаймыз, Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» лақап атымен танымал блогер Андрей Александрович Буримді (15.12.1988 ж. т.) халықаралық іздеуге жариялады. Сот Буримға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Онлайн-казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл