Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент экономикалық реформалардың іске асырылуы туралы Премьер-министрден есеп алды
Жаңалықтар

Президент экономикалық реформалардың іске асырылуы туралы Премьер-министрден есеп алды

26.12.2025
мин
0
117
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге экономикалық реформалар мен халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде есеп алды және нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Олжас Бектенов биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен реформалардың нәтижесін Президентке таныстырды. Оның айтуынша, экономиканы әртараптандыру бағытындағы тапсырмаларды іске асыру нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр.

2025 жылдың қаңтар-қараша айларында:

көлік қызметі 20,3%-ға,

құрылыс 14,7%-ға,

сауда 8,8%-ға,

ауыл шаруашылығы 6,1%-ға,

өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға ұлғайған.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгені құрап, жеке инвестициялар 9,8%-ға өскен. Сонымен қатар, Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың әл-ауқатын арттыру мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруда.

Президент нақты табысты арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту және инфляцияны төмендету шараларын бірінші кезекте қойды.

Сонымен қатар, желтоқсан айында шекарадағы бес өткізу бекеті жаңғыртылды, Қазақстандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылды, «Іскер аймақ» бағдарламасы арқылы шағын бизнесті қолдау ұйымдастырылды.

Ауыл шаруашылығын дамыту аясында 2026 жылғы дала жұмыстары қаржыландырылуды ерте бастады, бұл егіс алқаптарын сақтау және ұлғайтуға, өнімді өңдеуге және экспортқа бағытталған.

Президент Үкімет басшысына инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша нақты міндеттерді орындауды тапсырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл